Маңғыстау облысында әжей бір қолымен кір тасын 10 рет көтеріп, елді таңғалдырды (видео)

Маңғыстау облысында әжей шамамен 24 келі тартатын кір тасын бір қолымен еркін көтеріп, көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды Астана арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, бұл видео әлеуметтік желіде тараған. Бейнежазбадан әжейдің кір тасын оң қолымен жоғарыға 10 рет оп-оңай көтергенін байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, бұл кір тасты ер жігіттер бес реттен артық көтере алмаған көрінеді. Желі қолданушыларының дерегінше, бұл сайыс елдімекендердің біріндегі шілдехана тойында түсірілген. Жігіттерді басып озған әже сыйлыққа қой алған.

kaz.nur.kz