Мәжіліске қызметтік иттер кіргізілді
Мәжiлiс ғимаратына бiрнеше қызметтiк полиция иттерi әкелiндi. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған депутаттарға үйретілген иттер бірнеше элемент көрсетті, — деп хабарлайды Altyn-orda.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып
Арнайы дайындық бөлімі бастығы, полиция майоры Руслан Канафиннің айтуынша, Мәжіліске үш қызметтік ит кіргізілген. Олардың әрқайсының мол тәжірибесі бар.
«Бүгін есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бойынша арнайы қызметтік иттердің жұмысын көрсеттік. Арнайы қызметтік ит — Астра есімді бельгиялық овчарка тамақтан бас тарту сияқты элементтерді көрсетті. Сондай-ақ, багаждағы есірткі заттарын іздеу үшін ресейлік спаниель атты Хаппи есімді арнайы қызметтік ит. Әрбір ит шабуылдап ұстаудан басқа кез келген бағытта жұмыс істей алады», — деді Канафин.