«Мен сіздің аспапыңызды жақсы көремін»- Домбырамен құйқылжытып күй тартқан ресейлікке көпшілік тәнтті болды

Ұлттық домбыра күнін мерекелеуге орай басталған «Асыл домбыра» акциясына Ресей тұрғыны Дмитрий Суворов қатысты деп хабарлайды Аltyn-orda.kz

Ер адам акцияны бастаған Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің поштасына хат жолдаған.

«Мен «Асыл домбыра» акциясы туралы хабарландыруды көрдім және оған қатысқым келеді. Мен екібастұздық емеспін, тіпті Қазақстаннан да емеспін, бірақ сіздің ұлттық аспапыңызды қатты жақсы көремін. Мен оны ойнауды төрт жыл бойы үйреніп келемін, мен қазақтың күйін де, танымал, тіпті классикалық музыканы да орындай аламын. Қазақстанда жұмыс істеп жүріп, домбыра, қыл-қобыз, сыбызғы, шертер, шаңқобызда ойнауды үйрендім», – деп Дмитрий

Хат арқылы Дмитрий өзі орындаған екі шығарманың бейнебаянын жіберді: Әлі Сүгірдің «Ыңғай тоқ» күйі және әйгілі голландиялық Shocking Blue — Venus рок-тобының композициясы.

Дмитрий Суворовтың TikTok аккаунты (@dimasuvorov) бар, онда ол қазақтың ұлттық аспабын танымал етеді.

 

 

 

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні бесінші жыл қатарынан аталып өтуде. Музыкалық фестиваль шілденің бірінші жексенбісінде тойланады.