«Аманат» партиясы филиалының басшысы басқарған көлік жолдан өтіп бара жатқан сиырлар мен екі жасөспірімді қағып кетті

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша “Amanat” партиясы филиалының төрағасы Анара Бозаева басқарған жол талғамайтын көлігі екі жасөспірім мен сиырлар табынына соғылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Жол-көлік апаты 2 шілдеде Тасшоқы ауылының маңындағы Ботақара – Доскей автожолында орын алды. Nissan көлігін 33 жастағы әйел, аудандық мәслихаттың қызметкері (Бұқар Жырау- автор) басқарған», – деп хабарлады аймақ полицейлері дүйсенбіде.

Әйел жолдан өтіп бара жатқан сиыр табынына соғылғаннан кейін, көлік руліне ие бола алмай, мотоциклмен келе жатқан сегіз және 16 жастағы екі жасөспірімді қағып кеткен. 

«Қазіргі уақытта ол демалыста. Жүргізушінің тәжірибесі бар екені және көлік апаты кезінде мас болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция департаменті жол апаты фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлілер заңда көзделген жазаға тартылады», — деп хабарлады AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалынан.

Жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.