«Мен үшін жақсы адам болдыңыз»: Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты (фото)

Күні кеше тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында созылмалы ауру салдарынан қайтыс болды. Халық әртісі Мақпал Жүнісова оның қазасына байланысты көңіл айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Қош болыңыз, Болат аға! Біліп-білмей істеген күнәңізді Алла кешірсін! Сіз мен үшін жақсы адам болдыңыз», — деп жазды Мақпал Жүнісова. Айта кетейік, кеше БАҚ беттерінде Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады.

Ал кешірек экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай X әлеуметтік желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғанын растады

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

kaz.nur.kz