«Ми ісігіне шалдыққан». Қара бетперде киген жігіт 14 жыл тазалықшы болып жұмыс істейтін жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт 14 жыл тазалықшы болып жұмыс істейтін жалғызбасты анаға баспана сыйлады, — деп хабарлайды   Altyn-orda.kz       Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып 

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйелге пәтер сыйлады. Кейіпкердің қызы ми ісігіне шалдыққан. Ол 14 жыл тазалықшы болып жұмыс істейді, уақытша тұрғызылған баспанада тұрады. 

 
«Еден жуып жүргеніме 14 жыл болды. Жұмысқа түнгі 2:30-да келемін, содан түскі 12-ге дейін жұмыс істеймін. Қызым ми ісігі ауруына шалдықты, химиотерапия алып жүрміз. Жалдамалы пәтерде тұрамыз. Газ, су, туалет жоқ. Еден жуып шаршадым. Шыны керек, ұйқым қанбайды, көз жасымды қызыма көрсетпеймін», — дейді ол. 

«Жақындарымыздың бірі ауырғанда бір ғажап сәтті күтеміз ғой. Сол сәт бүгін туды» деп бетперде киген жігіт әйелге жаңа пәтердің кілті мен қызын Түркия елінде емдеуге қаражат табыстады.