Турсын Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 12 млрд теңге талап етті
Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленушілер сотта 12 миллиард теңгеге жуық ақшаны қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов күдіктіден 12 миллиард теңгеге жуық ақша талап етіп отыр. Адам ұрлау ісі бойынша жәбірленуші Айгүл Мекешева сотталушыдан 86 миллион теңге және 100 мың доллар өндіруді сұрайды.
Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасуда.
«Азаматтық талапқа қосымшалар енгіздік. Талап мәтінінде барлығы айтылған, Гүлмира Сатыбалдыдан азаматтық талап бойынша келтірілген 6 миллиард 985 миллион 221 мың теңге шығын сомасын «GALANZ bottlers» АҚ 43,25 пайыз акциясын қайтару арқылы өндіруді және моральдық шығын ретінде 5 млрд теңге өндіріп алуды сұраймыз», — деді зардап шеккен кәсіпкер Тұрсын Алагузовтың адвокаты Ақмарал Бұралхиева.
«Негізі, 5 миллиардты талап етуді мен сұрадым. Алты жыл бойы мені компанияға кіргізбей қойды. Бұл маған материалдық қана емес, моральдық зиян да келтірді. Сотталушының әрекетінің арқасында менің статусым өрескел бұзылды. Сондықтан жаздым», — деді Алагөзов.