«Миллионер достарыма рахмет!»: Әнші Нұржан Қалжан сыйға ақшадан тігілген шапан алды

Қазақ эстрадасындағы ерекше дауыс иесі Нұржан Қалжан дүркіретіп туған күнін атап өтті. Ол қымбат мейрамханаға өнердегі барлық әріптестерінің басын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тойдың шымылдығын әнші өз әнімен ашты. 

“Менің қуанышымды бөлісіп келген барлық ағайын-туысқа мың алғыс! Мейрамбек аға бастаған өнердегі ағаларымның тілегі қабыл болсын! 40-қа толып, қамал алып жатырмыз”, – дейді әнші.

Сондай-ақ туған күн иесіне ерекше сыйлықтар да келіп жатыр. Бірі қымбат құндыз жағалы тон берсе, екіншісі әншінің аңшылықты жақсы көретінін ескеріп, аңға шығуға арналған жиынтық сыйлады. Ерекше сыйлық, әншінің өзінің айтуынша, миллионер достарынан болыпты. Олар қағаз ақшадан тігілген шапан сыйлаған. 

Өнер иесінің қуанышына өнердегі әріптестерінен Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Майра Ілиясқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Құдайберген Бекіш, Бүркіт пен Аиша, Ұланғасыр Қамиев, Асқар Жүнісбеков, Роза Әлқожа және тағы басқалары келген. 

Алайда өнер адамдарының арасынан кезінде әншіні сахнаға шығарып, продюсері болған Қыдырәлі Болманды таппадық. 

«Қыдырәлі аға екеуміздің арамызда түсінбеушілік болды. Мұның шығармашылыққа қатысы жоқ, екеуара келіспеушілік. Шыны керек, сол ақша, дүниеге қатысты мәселелер. Радиода әндерім қойылмады. Жоғарыдан рұқсат жоқ екені де айтылды. Иә, арамызда реніш болды. Бірақ кетерімде рахметімді айтып, қоштастым. Бүгінде менің сол орталықта жүріп жазған әндерімнің авторлық құқығы толығымен Қыдырәлі ағаға тиесілі” деген болатын кезекті бір сұхбатында. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐀𝐒𝐀𝐁𝐀 𝐀𝐋𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍 (@asaba.alikhan)