«Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді»: режиссер Ермек Тұрсынов актриса Дариға Бадықованың фильмін сынап тастады
Режиссер Ермек Тұрсынов отандық фильмдерде болып жатқан жағдай туралы айтты. Өнер иесі «Мүмкін емес» бағдарламасында актриса Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені» киносын сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Кинода не болып жатқанын айттым. Бұл — деградация. Бұл — диверсия. Қазір біздің көз алдымызда диверсия болып жатыр. Әлгі әйел мотоциклмен жүретін фильмде адам толып отыр. Иә, «Таптым-ау, сені» фильмі. Мен арнайы бардым. Бұл — катастрофа. Зал лық толы. Біздің ұлтымыз соншалықты уланып қалды. Олардың жаны мен миы соншалықты уланып қалған. Балағаттауға болмайды иә? Сол фильмді көріп мәз болып отыр. Орнымнан тұрып, «Сендерді алдап жатыр. Мынаның бәрі өтірік» дегім келді. Қазір кім көрінген актер мен режиссер болды. Экранда сұмдық болып жатыр. Мұны көргенше, баяғыда өліп кетуім керек еді. Цензура енгізетін уақыт келді. Экранда толған балағат сөз. Осының бәрі тал түсте болып жатыр. Қазір ерлер емес, әйелдердің балағаттағаны экранға шықты. Не болып жатыр? Бұл түрімізбен қылмыскерлер қоғамын қалыптастырамыз. Бұл фильмдерге барып жатқан аудиторияның барлығы — болашақ қылмыскерлер. Олардың санасында түк жоқ. Бұл жерде қандай құндылық насихатталып жатыр? «Ұрлық жаса да, мал тап» деген әңгіме. Бұл — жаппай деградациялану», — деді режиссер Ермек Тұрсынов.
Еске сала кетейік, Дариға Бадықова продюсерлік еткен «Таптым-ау сені» фильмі 2023 жылы желтоқсанның 1-нен бастап кионтеатрларда көрсетіле бастады. Т