Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы ауруханаға жатқызылды деген ақпарат тарады.
Бұл туралы«Хабар 24» телеарнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц айтты деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Менің ақпарат көздерім Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын мәлімдеді. Ол жүрекке кешенді тексеруден өтеді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, хирургиялық араласу болмақ»,—деді ол.