Олжас Сүлейменов Тоқаевқа ұсыныс айтты

Олжас Сүлейменов Мемлекет басшысына Ілияс Есенберлинге «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды altyn-orda.kz 

Өздеріңіз білесіздер, Ілияс Есенберлин коммунистік биліктің қиын-қыстау кезеңдерінде шын мәнінде азаматтық ерлік жасап, 20 жылдан астам тарихи шығармаларды, шежірелерді, халық эпостары мен аңыздарды зерттеп, «Көшпенділер» және «Алтын Орда» эпикалық трилогияларын жазды.Бұл еңбектер қазақ ұлтының және бүкіл Қазақстан халқының тарихи болмысының жаңғыруына ықпал еткені сөзсіз  ! — деп  жазды әлеуметтік желіде Олжас Сүлейменов  

Сонымен бірге, қоғам қайраткері Есенберлиннің еңбектері бағаланбай, жазушы ешқандай марапат алмағанын атап өтті.