«Он төрт жанның өмірін қидыңдар ғой сыбайласқан той -тойлағыш жемқорлар!» . -Айгүл Орынбек

Бұл туралы қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек өз инстаграм парақшасында жазды  деп хабарлайды  altyn-orda.kz 

Бұл Елімізге жасалып жатқан ҚАСТАНДЫҚ!

Әр өңірде болып жатқан Өртті тергеп -тексеріп, кінәлі адамды анықтап қылмыстық жазаға тартыңдар!

Өрт болған аумаққа Президент баратын болған соң, ғана Ильян Абай облысына ұшып барды. Осы уақытқа дейін қаншама өрт болды, Еліміздің Бас Прокуроры, мен Ішкі істер министірі барып Штаб құрып, неге тергеп тексеріп өрттің салдарын анықтап халыққа есеп бермейді?!

Неге өртті алдын алмаған әкім мен төтенше жағдай министріне неге қылмыстық іс ашпайды?

Он күн бұрын Алматы, Қостанайда енді Абай облысы. Бұл өрттердің артында кімдер тұр неге тексермейді?

Халыққа “жан -жақтарыңызға сақ болыңыздар, күдікті адамдар өрт қойып кетулері мүмкін”, деп ашық неге ескертілмейді?!

Соншалықты дамып кеттіңдер ме, Өртті тез өшіретін?!
Айналайын Жемқорлар ау, кеңес кезінде алынған техникаларың мен киімдерің әлі ауыспаған ғой.

Орманда өрт басталған уақытта Абай облысының әкімі той тойлап, ал Ильин Астанада жайбарақат отырған.

Былтыр әр жерден қолдан ұйымдастырылған өрт ешкімге сабақ болмады ма?

Қашан біздің шенеуніктері өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарайды?

Неге барлық жерге Президент арласқанда ғана безілдеп жүгіресіңдер?

Бұл Ел тек Президентке керек пе? Сендерге тек кресло мен қызмет керек пе?!

Халық алдында,Отан алдындағы жауапкершіліктерің қайда?

Он төрт жанның өмірін қидыңдар ғой сыбайласқан той -тойлағыш жемқорлар!
Сендерді Құдай аямасын! деп жазды  заңгер 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigulorynbek_kz)