«Өз елімде де “чуркамын”: Мобилизация кезінде Ресейден Қазақстанға келгендердің оқиғасы

Мобилизация жариялағаннан кейін Ресейден Қазақстанға көшіп келгендер өздерінің оқиғалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Дагыл Монгуш бұрынғы – ФСБ қызметкері. Үш жыл Моңғолия шекарасында қызмет еткен. Дагыл бес жыл бұрын ФСБ-дағы қызметін тастап, жеке бизнеспен айналысқан.

“Мен запастағы офицермін, әскерде болғанмын, бірақ өз елімде бәрібір “чуркамын”. Мені балаларым да бөтен. Бұл үнемі сезіледі. 2017 жыл болатын. Мен әлі жаспын. Мен бұл жүйеге сенген болатынмын. Мұндай жүйеде барлығына шыдайтын, өзіндік ойы жоқ, өзінің ойы болса да айтпайтын адамдар ғана биікке көтеріледі. Мен автобуста кетіп бара жатқан кезде үнемі “чурка” сөзін еститінмін. Ресей азаматы болсам да, Мәскеуде полиция жиі тоқтатып, құжаттарымды тексеретін. Қыздарым өмірге келгеннен кейін, мұны тіпті қатты сезіне бастадым. Біз сияқтыларды ол жақта қабылдамайды”, – дейді Дагыл.

Мобилизация жарияланған кезде Дагыл Қазақстанға кетіп қалған.

“Мен кеткім келген жоқ. Бірақ әйелім сен бізге тірі қалпыңда керексің деді. Қатты қорқтым. Мен пікірлері маған қайшы адамдардың ойлары үшін ешкімді өлтіргім келмейді және өлгім келмейді. Бұл ессіздіктің, қылмыстың қатысушысы болғым келмейді. Біздің ауданда әскери қызметке барудан басқа амал жоқ. Халық өспесін, дамымасын деп жасалған жүйе сияқты. Соғысқа бармасаң, қорқақсың деген ұғым бар”, – дейді ол.

Могамед Гайсаев дәрігер болып жұмыс істеп жүрген жерінен мобилизация жарияланып, Қазақстанға көшіп кеткен. Ол қазан айында Алматыда дәрігер болып жұмысқа орналасқан. Қазір жатақханада тұрып жатыр.

“24 ақпаннан бастап бойымызды қорқыныш биледі. Мобилизацияға дейін де қысым көрдік, бірақ мобилизация шегіне жеткізді. Шыдамымыз таусылды. Медицина менің бала күнгі арманым еді. Соғыс басталған кезде мен студент едім. Соғыс болып жатқанда, университет бітіріп, жұмыс жасауды бастадым. Бір жарым айдай балалар дәрігері болып жұмыс жасадым. Украина, ДХР-дан келген босқындар көп болды. Мобилизация жарияланғаннан кейін, мен бұлай болмайды деп шештім. Өйткені мен үшін жалғыз құндылық өмірімді ресурс ретінде пайдаланатынын білу қиын нәрсе. Мен бұл қылмыстық соғыстың құралы болғым келмеді. Адамдарға зиянымды тигізгім келмейді. Өйткені ешкім маған ешқандай зиян келтірмеді. Мен шекараға дейін 15 киллометрдей жаяу жүрдім. Қолымда бір сөмкемен шығып кетіп, жаныма адамдар тауып алдым. Біз бірге шекарадан өттік. Адам үшін маңызды нәрсе білім ғой, сондықтан мен кітаптарымды алдым да, кетіп қалдым. Шекарадан өткен кезде мен дәл қазір өмірімнің жаңа кезеңі басталатынын білдім. Қорықтым, қуандым, түсініксіз күй кештім”, – дейді Могамед.

Ал кәсіпкер Александр Хаптереев өзі сияқты Ресейден Қазақстанға келуге мәжбүр болғандарға көмек берумен айналысып, баспана мен алғаш кезде қажеттіні жеткізіп беріп жүр. 

“Қазір қиын жағдайға тап болғандар үшін арнайы орын таптым. Ең алғашқы рет Қазақстанға 2020 жылы келдім. Қазір көмек қажет адамдарға көмектесіп жатырмын”, – дейді Александр Хаптереев.