Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы суару маусымында Өзбекстан Қазақстанға «Достық» арнасы арқылы 922 миллион текше метр су жіберетіндігін хабарлады деп хабарлайды Altyn-orda.kz Abai.kzке сілтеме жасай отырып
Бұл туралы тараптар Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан кіретін мемлекетаралық су үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысында келісті.
«Қазіргі басты міндетіміз – су тасқынынан пайда болған суды жинау. Одан кейін Каспий теңізіне, Балқаш, Қамысты-Самар көлдеріне, Ұлытау өңірінен Қызылорда облысының көлдеріне жіберу. Бұл ретте оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету маңызды. Ал бұл мәселеде су дипломатиясы өте маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

