Өзбектер топ жарған жарыстан қазақ боксшылары алтынсыз оралды

Болгарияның София қаласындағы Странджа кубогіне Қазақстанның 12 боксшысы барып 2 екеуі ғана медаль алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болгарияның София қаласындағы Странджа кубогіне Қазақстанның 12 боксшысы барып 2 екеуі ғана медаль алды. Қазақстан қоржынынан алтын медаль жоқ. 57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов күміс, 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс қола медаль еншіледі.
Осы жарыста Өзбекстан құрамасы 7 алтын 4 күміс 5 қола алып бірінші орын алды. Жарыс қожайындары 4 алтын 1 күміс 1 қола медальмен екінші орын иеленді. Ал Қазақстан жалпы командалық есепте 7-ші орыннан көрінді.
