Пәкістан тарихында алғаш рет әйел адам бас министр лауазымына ие болды
Пәкістан тарихында алғаш рет Мәриям Наваз есімді әйел Пенджаб провинциясының бас министрі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Еurasiatoday сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы парламент сайлауынан кейін бірден мәлім болды.
Әйгілі саясаткер Наваз Шарифтің қызы Мәриям Наваз 50 жасында Пенджаб провинциясының бас министрінің креслосын қабыл алды.
Шын мәнінде, бұл лауазымды келесі сайлауда премьер-министр лауазымына ұсыну үшін бастама ретінде қарастыруға болады.
Айта кетерлігі, осы лауазым арқылы Мәриям Наваз үлкен саясатқа бетбұрыс жасады. Ал бұған дейін оның қызметі тек партиямен шектелген болатын.
«Адырна» ұлттық порталы