“Павлодар Ресейдікі “-Астана полициясы желіде даулы мәлімдеме жасаған ресейлік стримерді елден шығарды (видео)

Әлеуметтік желіде Fassoollka лақап атымен танымал ресейлік стример Ксения Гузаева Қазақстан туралы тікелей эфирде айтқан даулы пікірлерінен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.
Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шетел азаматшасының арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқан тікелей эфирлері анықталған.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім қабылданды. Енді оның елімізге бес жыл бойы кіруіне тыйым салынады.
Полиция Қазақстанның шетел азаматтары мен туристер үшін ашық мемлекет екенін, алайда ел аумағында жүрген әрбір адам заң талаптарын сақтап, Қазақстанға, оның азаматтарына және қоғамдық әдеп нормаларына құрметпен қарауға міндетті екенін атап өтті.
Осылайша, әлеуметтік желідегі тікелей эфирде айтылған сөздер ресейлік стример үшін айыппұлмен ғана емес, Қазақстаннан шығарылып, бес жылға елге кіре алмауымен аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










