Петропавлда жалпыұлттық аза тұту күнінде эфирде билеген Ирина Антоненко 10 тәулікке қамауға алынды

Петропавлда блогер әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 25 қыркүйек — Қазақстанда жарияланған жалпыұлттық аза тұту күні болған. 42 жастағы Ирина Антоненко TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізіп, музыкаға билеген. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары арасында сынға ұшыраған.

Оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп, материалдарды сотқа жолдаған. Бұған дейін блогермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған ресми ескерту жасалғаны хабарланды. Кейін әйел әлеуметтік желі арқылы кешірім сұраған.

29 қыркүйекте сот Ирина Антоненконы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.

Сот шешіміне сәйкес, блогер белгіленген мерзім бойы әкімшілік қамауда болады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ – Жаңалықтар (@adyrna.kz)