Ресей президенті Владимир Путин елден қолма-қол рубль шығаруға қатысты жаңа шектеулер енгізді.

фото duma.gov.ru
Ресей президенті Владимир Путин елден қолма-қол рубль шығаруға қатысты жаңа шектеулер енгізді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, жеке тұлғалар Ресейден 1 миллион рубльден артық қолма-қол ақша алып шыға алмайды. Бұл талап Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь сияқты ЕАЭО елдеріне баратын азаматтарға да қатысты.
Егер азаматқа 1 миллион рубльден жоғары соманы алып шығу қажет болса, оған арнайы талаптарды орындап, ақшаның банктен алынғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін қолма-қол рубльді елден шығару тәртібі бұдан да қатаң.
Жаңа шектеу Ресейден Қазақстанға немесе басқа көрші елдерге қолма-қол рубль алып өтетін азаматтарға да әсер етеді. Сондықтан сапар алдында қолма-қол ақшаға қатысты талаптарды нақтылап алған жөн.










