Польшада Қазақстан мәдениеті мен Димаштың шығармашылығына арналған кездесу өтті

Польшаның Слупск қаласында Қазақстан мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған шара өтті деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Кездесу кезінде жергілікті бастауыш мектеп оқушылары Қазақстан туын алып шықты. Іс-шараға білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, олар қазақ халқының тарихымен, дәстүрімен және мәдени мұрасымен танысты.
Шарада Димаштың Польшадағы фан-клубының жұмысы да сөз болды. Клуб мүшелері Қазақстан мәдениетін шетелде танытып, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлес қосып келеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Қазақстанға деген халықаралық қызығушылықты арттырып отыр.
Мұндай кездесулер шетелдік аудиторияны қазақ мәдениетімен жақын таныстырып, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени алмасуды дамытуға мүмкіндік береді.










