Михаил Шайдоров алматылық жас спортшыларға қолдау көрсетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыдағы №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті деп хабарлайды  Altyn-orda.kz 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай спортшы жас фигуристерге спорттық құрал-жабдық сатып алуға арналған сертификаттар табыстады.

Кездесу барысында Шайдоров балалармен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді және спортта табыс тіледі.

Оның айтуынша, бұл бастама жас спортшыларға қолдау көрсету және олардың өз күшіне сенуіне көмектесу мақсатында жасалған.

Бұған дейін Михаил Шайдоров жалақы мен жарыстарға дайындықты қаржыландыру мәселесін көтерген еді. Сол кезде ол мәселе оң шешілсе, қаражаттың бір бөлігін балалар спортына бөліп беретінін айтқан .

Алматыдағы жас спортшылармен кездесу осы уәденің орындалғанын көрсетті.