Ресей армиясының тағы бір генералы Украинада қаза тапты

Запорожье облысындағы ұрыс кезінде генерал-лейтенант Олег Цоков қаза тапты. Бұл туралы Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко айтты, деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Петр Андрющенко Бердянск облысында жоғары шенді әскери қызметкердің жойылғанын айтты.
Оның айтуынша, генерал 2022 жылдың қыркүйегінде жараланған, бірақ аман қалып, майданға оралған. Бұл жолы оның қаза тапқаны белгілі болды .
Айта кетейік, генерал-лейтенант Олег Цоковқа Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Жаңа Зеландияның санкция салған болатын .
