Танымал боксшы Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққан (ВИДЕО)

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығының бірінде қолында кішкентай баласы бар ер адамды өзге ер адам ұрып-соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фуд-кортта болған төбелестің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Видео авторының айтуынша, оқиғи 18 маусымда болған.

Жәбірленуші тарап қылмыстық құқық бұзушылық істі тергеуді тоқтатқан полиция қызметкерлеріне наразы.

Бұл мәселеге қатысты қалалық Полиция департаментінен пікір білдірді.