Ресей армиясының тағы бір генералы Украинада қаза тапты

Запорожье облысындағы ұрыс кезінде генерал-лейтенант Олег Цоков қаза тапты. Бұл туралы Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко айтты, деп хабарлайды   altyn-orda.kz       .

Петр Андрющенко Бердянск облысында жоғары шенді әскери қызметкердің жойылғанын айтты.

Оның айтуынша, генерал 2022 жылдың қыркүйегінде жараланған, бірақ аман қалып, майданға оралған. Бұл жолы  оның қаза тапқаны белгілі болды .

Айта кетейік, генерал-лейтенант Олег Цоковқа  Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Жаңа Зеландияның санкция салған болатын .