Садыр Жапаров қарға белшеден батып мектепке барған баланы марапаттады(видео )

Президент Садыр Жапаров ерекше оқиғаға куә болды: бір жасөспірім қар құрсауынан өтіп, мектепке жету үшін үлкен күш жұмсаған.

Бала суыққа төтеп беріп,  білім алу ниетінен таймай, сабақты қалмай оқиды екен  Altyn-orda.kz

Осы жүректен шыққан батылдығы үшін Садыр Жапаров оған өзінің жеке сыйлығын жасады. Президент iPhone телефонын, ноутбук пен спорттық допты балаға тарту етті. Бұл сыйлық тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар баланың талпынысы мен ерік-жігерін бағалаудың символы болды.

Мектепке барған әрбір оқушыға білімге деген құштарлық маңызды екенін ескерткен бұл әрекет қоғамда үлкен жылы сезім тудырды. Көпшілік  Президентті  баланы қолдап, оның жетістігіне назар аударғаны үшін , жастарға үлгі  болғаны үшін жылы лебіздерін білдірді   .

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ – Жаңалықтар (@adyrna.kz)

Видеолар adyrna.kz ұлттық порталынан алынды