Сағынтаевтың күйеу баласынан тәркіленген қымбат сағат аукционда 400 миллион теңгеге сатылды.
Бақытжан Сағынтаевтың күйеу баласынан тәркіленген Ричард Милле сағатын екінші мәрте қойылғанда 200 миллион теңгеге жуық ақшаға сатылды деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Олар RBK Bank қаржысын жымқыру ісіне қатысы бар Бақыт Ибрагимнен тәркіленді. Бұл жағдайда келтірілген залал ондаған миллиард теңгені құрады.
Алғаш рет сағатты Алматы қалалық мемлекеттік мүлік департаменті ашық аукционға қойды.
Бастапқыда бір аукцион болды, күткендей, бұл сағатты ешкім сатып алмады. Содан кейін Мемлекеттік мүлік комитеті бағаны төмендету үшін аукцион ұйымдастырып, сағатты ең төменгі бағамен – 196,8 миллион теңгеге сатты.
Бұл сағат «долларлық миллиардерлердің аксессуары» деп аталады. Мұндай мәміле сағаттың жаңа иесі үшін өте тиімді болып саналады, өйткені оны жоғары бағамен қайта сатуға болады. Бірақ олардың жаңа иесі кім екені белгісіз.