Серік Күдебаевтың ұлы :Әкем өз еркімен берілді

Қашқын генералдың ұлы Серік Күдебаев әкесінің өзі Қазақстанға оралуды шешкенін айтты

«Кейбір ақпарат құралдары Күдебаев ұсталды деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бірақ әкесі кенже ұлына телефон соғып, бәрін жақсы көретінін, еліне қайтып бара жатқанын айтып, сол жерден алып кеткен. Осында отбасы бар болғандықтан қайтты», — деді Мырзақұлов.

Ол сондай-ақ қашқын генералдың отбасының ешқайда кетпейтінін атап өтіп, оның айтуынша, Күдебаевтың туыстарына қарсы үнемі жүргізіліп жатқан қудалаулар, жауап алулар мен тексерулерге қынжылады.

Сәуірдің 27-сі күні таңертең әлеуметтік желіде халықаралық іздеуге жарияланған Алматы қаласы мен Алматы облысы ішкі істер департаменттерінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Кейін бұл ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ерқанат Көпжасар (@erkanat_kopjasar)