Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы жеткіншекті зорлап, оны видеоға түсірген

Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы жеткіншекті зорлап, оны видеоға түсірген. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ведомствоның айтуынша, бейнежазба 2022 жылдың желтоқсан айында түсірілген. Жасөспірімдер ата-анасымен бірге қалалық полицияға жеткізілген.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі, яғни «Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығы басшылығының ерекше бақылауында»,—деп түсіндірді полиция департаменті.
