Танымал жаттықтырушы баланы ұрып өлтірген

Әзірбайжанның Сумғайыт қаласындағы спорт мектебінің бейнебақылау камерасында жаттықтырушының баланы ұрып-соққаны түсіп қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vzglyad.uz сайтына сілтеме жасап.

Дзюдо және самбо жаттықтырушысы, екінші еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар тәлімгері Фарид Бакаровты өлімше етіп сабаған. Тепкілеп, шашын сүйрегеннен ол ауыр жарақат алды.

Халилов баланың баланың мойын омыртқаларын сындырған. Бала қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Сумғайыт қалалық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 126.3-бабы «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. 1994 жылғы Мехман Халилов күдікті ретінде ұсталды, тергеу жүргізілуде.

Спортшы 2019 жылы Минскіде өткен II Еуропалық ойындарда самбодан жарыста қола медаль жеңіп алған. Ол басқа жергілікті және халықаралық жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетті.