«Танысым да, туысым да емес»: Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттың» жаңа жүргізушісін таныстырды
Халықтың көзайымына айналған “Астарлы ақиқат” бағдарламасына су жаңа жүргізуші келді. Оны Дина Төлепберген таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистің сөзінше, бағдарлама тізгіні Бердімұрат Хасенұлында болмақ.
“Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы – талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде «поледегі» қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым – соған дәлел. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз», – деп жазды экс-жүргізуші.
Айтуынша, отандық телевизия саласына тың серпіліс керек екен.
“Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының (узкий спецалист) жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат – заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға , отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін…
Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!”, – сәттілік тіледі журналист.
Еске салайық, Дина Төлепберген “Астарлы ақиқат” жобасынан кеткенін мәлімдеген еді.