Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегіні жедел жәрдем алып кеткені айтылды

Белсенді, тіл күрескері Руза Бейсенбайтегіні жедел жәрдем көлігі алып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі Абзал Достияр өз Facebook парақшасында хабарлады.

“Тіл жанашыры, күрескер анамыз ауруханаға
түсті! Бүгін түстен кейін Руза апай хабарласып: «Абзал балам, мен сотқа кетіп бара жатырмын, бір дәмхананың иесі тіл мәселесіне байланысты сотқа беріпті, келген соң хабарласамын», — деген еді.
Қазір ғана белгілі болғандай, Руза Бейсенбайтегі апайды жедел-жәрдем көлігімен алып кетіпті”, — деп жазды белсенді өз жазбасында.

Сондай-ақ ол жазбасында тіл жанашырын алып кеткенге дейін оны полиция қызметкерлері қоршап тұрғанын жеткізді.

“Алып кеткенге дейін ол кісіні полиция
қызметкерлері қоршап тұрған екен, сол сәттегі тікелей эфир сақталмапты, апайдың өзіне қоңырау шалсам, телефонын көтермей тұр. Павлодар облысында жалғыз өзі қазақ тілінің жағдайын айтып шырқырап жүрген тіл жанашыры Руза апайымыздың жағдайына алаңдаулымын. Апайдың жағдайын біле алатын Павлодар
қаласынан кім бар”, — деп көмек сұрады Абзал Достияр.

Сондай-ақ белсенді Ботагөз Иса Руза Бейсенбайтегіні “күшпен” алып кеткенін жазады.

“Адырна” ұлттық порталы