Тоқаев Алатауды дамытуда Дубай мен Сингапур тәжірибесіне сүйенуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту үшін Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін қолдануды ұсынды. Президент отандық бизнес өкілдері де Алатау қаласының дамуына толыққанды қатысуы тиіс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай

өтырып    Altyn-orda. хабарлайды.  

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте президент қазіргі таңда жалпы инвестиция көлемі шамамен 2 триллион теңгені құрайтынын алға тартты. Сонымен қатар 50 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 50-ден астам инвестициялық жоба іріктелген. 

“Алдағы бір-екі жылда басым салаларға инвесторлар тарта отырып, бұл жобалар қоржынын бірнеше есе ұлғайту қажет”, – деді ол.

Мемлекет басшысы қала дамуына сырттан бақылаушы емес, отандық кәсіпкерлер де белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.

“Бұл өте маңызды. Мысалы, Шэньчжэнь қаласының тәжірибесі көрсеткендей, алғашқы он жылда оның дамуына салынған инвестициялардың басым бөлігі шетелдік емес, ішкі инвестициялар болған. Шэньчжэнь, Хайнань, Дубай және Сингапур жағдайында мемлекет ең алдымен негізгі инфрақұрылымға қаржы құйған. Осылайша бизнес үшін тәуекел азайып, тұрақты инвестициялық цикл қалыптасқан”, – деді президент.

Тоқаев үкіметке Алатау қаласының негізгі инфрақұрылымын дамытуға бастапқы кезеңде тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Оның айтуынша, мемлекет инфрақұрылымға қаржы салса, бұл жеке инвестициялардың келуіне жол ашады. Ал жеке капитал өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрып, салық түсімдерін көбейтеді және жаңа инфрақұрылымның пайда болуына ықпал етеді.

 “Бастапқы инфрақұрылымды салу шығындарын жеке секторға жүктеу жобалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Тарифтері жоғары монополиялық құрылымдардың пайда болуына әкеледі және түптеп келгенде дамуды тежейді. Сондықтан үкімет қаланың базалық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты қаржы бөлуді қамтамасыз етуі керек. Басқа жол жоқ”, – деді мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, қажет болған жағдайда Алатау қаласына қосымша лимиттер беріп, тұрақты кіріс көзі қалыптасқанға дейін мемлекеттік қарыз алу құқығын беру мәселесін де қарастыру қажет.

“Сонымен бірге бюджеттен бөлінген әрбір теңге инвестициялық сипатта болып, қаланың ұзақ мерзімді дамуына бағытталуы тиіс”, – деп қорытты Тоқаев.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Alatau Smart City жобасы мен өңірдегі қазіргіхалық жағдайын сынға алған болатын. Айтуынша, облыста әлі күнге дейін жарық, су, жол және интернет мәселелері бар.