Тоқаев армияны күшейту туралы тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы  Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

 

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Altyn-orda.kz