Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы ит сыйлады

Тоқаев Димашқа тазы ит сыйлады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz 

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

«Достар, танысып қ0ойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. @tokayev_online Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді. Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді.

«Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы — «шапшаң», «епті».
Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын!» — деп жазды әнші.

Барша жұртты өнерімен тәнті еткен әнші Димаш Құдайберген тазының атын «Ғарышкер» деп атағанын айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)