Тоқаев Еуропа университеттеріне Қазақстанда филиалдар ашуды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» көшбасшыларының кездесуінде еуропалық университеттердің басшылығына ұсыныспен үндеу тастады, деп хабарлайды  altyn-orda.kz   .
Ол 2023 жылдың наурыз айында Microsoft Қазақстанда көп аймақтық хаб ашатынын жариялағанын еске салды.

Жоспарланғандай ол озық технологияларды тартатын орталыққа айналуы тиіс.

Біз 2025 жылға қарай кем дегенде 100 000 жоғары білікті IT мамандарын дайындауды мақсат етіп отырмыз . Сондықтан мен еуропалық университеттерді Қазақстанда, оның ішінде маңызды өңірлік ІТ-платформаға айналатын Astana Hub технопаркінің базасында филиалдарын ашуға шақырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, Қазақстан цифрландыру саласындағы әзірлемелерді кеңейтуді және өңірлік деңгейде өз тәжірибесімен бөлісуді жоспарлап отыр-деп жалғастырды Президент.

Мемлекет басшысы 2 маусымда Қырғызстанға Орталық Азия және ЕО елдері басшыларының кездесуіне қатысу үшін келді. Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишельмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты талқылады.