Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі бірдей орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы  Altyn-orda.kz    Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды”, – деп жазды Ақорда.

Олардың орнына Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.