Тоқаев Қытайдың Үрімжі қаласына барды (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына келді деп хабарлайды Altyn-orda.kz Ақорда Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасай отырып
Қазақстан Президенті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
