«Тоқаевқа дауыс берейік!»: Жетісу әкімімен кездесуде ер адам айқайлап, елдің назарын аударды
Жетісу облысының әкімі тұрғындармен кездесуі барысында, залда отырған ер адам «Тоқаевқа дауыс берейік!», деп айқайлап, елдің назарын аударды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Барлығыңыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беріңіздер, оны президент етіп сайлайық. Сол кезде біз жақсы мемлекет боламыз!»,- деді ер адам.
Айта кетейік, Қазақстанда 20-қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бастапқыда үміткер ретінде 12 адам өтініш жіберген болатын, алайда Орталық сайлау комиссиясы оның алтауын ғана тіркеді.