«Тоқтату мүмкін емес болды»: Бурак Озчивитпен суретке түсуге таласқан алматылықтар ұятқа қалды (видео)

Желіде Бурак Озчивиттің Алматыда жанкүйерлерімен кездескен сәтінен видео тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Бейнежазбада актерді орнынан тұрғызып, еркінен тыс суретке түсуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видео Instagram желісінде maavioli парақшасында жарияланған.

Бейнежазбаны жүктеген желі қолданушысы орын алған ыңғайсыз жағдайдан жаға ұстағанын жасырмады. «Адамдар оны бассалды. Тіпті қорғаушылар оларды тоқтата алмады», — деген жазба қалдыржы ол. Желіде тарап кеткен видеода түрік сериалдарының жұлдызын жанкүйерлері қоршап алып, онымен суретке түсуге талпынып жатқанын көруге болады. Жанкүйерлердің бірін әртістің қорғаушысы ұстап алады. Ал басқа бейнежазбада бір арудың актердің қасына барып алып, суретке түсу үшін оны орнынан тұрғызып жатқаны көрініс тапты. «Мобилографты итеріп жіберіп, оған суретке түсірсін деп өз ұялы телефонын берді. Өте ұят жағдай», — деді желі қолданушысы.

kaz.nur.kz