«Төреғали түрмеден шықты». Белгілі әншінің жаңа суреті жария болды
Маусым айында Алматы жолдарында полициядан қашып 23 күнге түрмеге қамалған белгілі әнші Төреғали Төреәлінің суреті жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Мұны желі қолданушылары бұрынғы сурет десе, кейбірі әнші үнсіз ғана қамаудан босап, әзірге «тыныш» жүргенін айтуда.
Осыданүш аптадан астам уақыт бұрын есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, Алматы көшелерінде полициядан қашқан Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Ол өзінің өрескел әрекеті үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Сонымен бірге, 20 күнге қамауға алынса, кейін оған тағы 3 күн қосылды.
Әншінің күштік құрылым өкілдерімен ұсталуынан кейін оған әлеуметтік желіде әріптестері қолдау көрсетті. Мәселен, Тоқтар Серіков жазба жариялав, «Еркелігіңді көтеретін елің қалмапты» деген болатын.