Трамптың жеті штатта танымалдығы артып, Байденді басып озды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлау додасында қазіргі америкалық көшбасшы Джо Байденді танымалдығы бойынша басып озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Bloomberg және Morning Consult сауалнамасына сәйкес, Трамп Солтүстік Каролина, Джорджия, Висконсин, Невада, Мичиган, Аризона және Пенсильвания штаттарында Байденнен орта есеппен 5,28 пайыздық тармаққа танымал. Трамп Солтүстік Каролинада 11 пайыздық және Джорджияда жеті пайыздық, ең азы Мичиган мен Аризонада тиісінше төрт және үш пайыздық тармақпен алға шықты.

Сауалнама аты аталған жеті штатта 27 қараша мен 6 желтоқсан аралығында жүргізілді. Қатенің статистикалық шегі шамамен үш пайыздық тармақты құрайды.

Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті. Ол бұл қызметті 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың қаңтарына дейін атқарды. АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді. АҚШ БАҚ сауалнамасына сәйкес, Джо Байденнің саясатын мақұлдау рейтингі рекордтық дейгейде 40 пайызға дейін төмендеді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ өкілдер палатасының республикашыл мүшелері президент Джо Байденге импичмент жариялайтын қарар дайындағаны туралы жазған едік. Бұған дейін Америка конгресі өкілдер палатасының сот комитетінің басшысы Байденге импичмент жариялау туралы шешім 2024 жылдың басында қабылданатынын айтқан.