Туған әкесі төрт бірдей баласын түн ортасында үйінен қуып шыққан

Жалғызбасты Әйгерімді балаларымен қосып туған әкесі үйінен қуып шықты. Таңғы 5-те 3 айлық сәбиін, 3 жасар қызы мен екі бауырын жетектеп Алматыға аттанған ол автомойкада көлік жуып жүрген әпкесіне баруға мәжбүр болды, деп хабарлайды KYN.kz-
Автомойкада әрі жұмыс істеп, әрі сол жерді баспана етіп жүрген әпкесі бауырларымен аядай бөлмеге жайғасты.
4 бала мен апалы-сіңлілі жалғызбасты аналар автомойкада тұрып жатыр.
Өмірі 6 шаршы метрлік сызда, суық көлік жуу орнында өтіп жатқан, тағдыр тезіне ерте түскен 6 адамды әрі қарай не күтіп тұрғаны беймәлім.
Жергілікті құқық қорғау органдарының бұл жағдайға қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.
