«Тұңғыш президент» күні Қазақстандағы мерекелердің жаңартылған тізіміне қайта енді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Тұңғыш президен күні» мерекесі  Қазақстандағы мерекелердің жаңартылған тізімінде сақталды, деп хабарлайды «Адырна» порталының тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы No 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», — делінген үкімет қаулысында.

Қосымшаға сәйкес мереке күндерінің мынадай тізбесі бекітілді:

1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан;

2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;

3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;

4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;

6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;

7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;

8. Абай күні – 10 тамыз;

9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі;

10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылатын күні – 29 тамыз;

11. Білім күні – 1 қыркүйек;

12. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

13. Қазақстан халқының тілдері күні – 5 қыркүйек;

14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;

15. Қарттар күні – 1 қазан;

16. Нан күні – 16 қазан;

17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;

18. Ұлттық валюта «теңге» күні – 15 қараша;

19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Еске салайық, бұған дейін тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінде болып, 2022 жылы одан алынып тасталған болатын. Мемлекеттік мереке мәртебесінде Тұңғыш Президент күні жыл сайын 2012 жылдан 2021 жылға дейін 1 желтоқсанда Назарбаевтың «ел үшін сіңірген еңбегін мойындау» ретінде тойланып келді.