Түркістан облысында 4 адамның өліміне себепкер азамат жазадан жеңіл құтылмақшы ма?
Түркістан облысының прокуратурасының назарына!
25.12.2022 ж. болған жол көлік оқиғасына байланысты: Түркістан Облысы, Келес Ауданы, Ақтөбе а/о де Шымкент — Жетісай тас жолында көлік апатқа ұшыраған, осы жол апатынан 4 адам қайтыс болған, 3 адам ауыр жарақат алып Аудандық Ауруханаға түскен, қазіргі уақытта 3 адам емделіп шықты, алайда осы оқиғаға байланысты кінәлі деп табылған Оралбек Құдайбергеновті Түркістан Облысы Ішкі Істер Департаментінің тергеушісі Ж. Жахай не үшін 5 айдан бері ұстап отырғанын және экспертиза сараптамасында автокөлікті басқарған яғни А. Тұяқбаев деген азаматқа бұрмаланғанға немқұрайлы қарауына жол беріп отырғаны, кінәлі деп танылған қалталы азаматтың қаржысына қызығып, сол автокөліктің артқы орында отырған өлім аузынан аман қалған екі жігітке экспертиза сараптамасы бұрмалағанын қатаң түрде бақылауға алуыңызды және тергеу амалдарының әділ қорытындысының шығуын қадағалуыңызды талап етеміз!
Автор: Алданов Жарқын