Түркияда тағы да жарылыс болды

Ыстамбұлдың Фатих ауданында көлік өртеніп, ол өрт өзге төрт көлікті жалмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Habertürk басылымының хабарына сүйеніп.

Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер немесе қаза тапқандар бар-жоғы да айтылмады. 

Куәгерлердің сөзіне сенсек, жүріп бара жатқан бір көліктен кенет өрт шыққан. Жүргізуші дереу көлікті тоқтатып, жұрттан көмек сұраған. Бірақ өрт оның қасында тұрған тағы төрт көлікті жалмаған. Соның салдарынан бір көлік жарылып кеткен. Өрттен сол жердегі ғимарат пен банкомат да залал көрген. 

13 қарашада Ыстамбұлда туристер көп баратын көшеде жарылыс болған еді. Түркия билігі мұны теракт деп таныды. Одан алты адам көз жұмып, 81 адам зардап шеккен.