«Үйленбеген баласын дардай қатынға берген анасына обал»: Жұрт Ерке Есмаханның ит терісін басына қаптап жатыр

Халықтың Ерке Есмаханға қатысты дауы бітер емес. Әзірге шексіз болып тұр десек те, артық емес. 

Өзінен 12 жас кіші жігітпен ара қатынасы жайлы ашық айтқан Ерке Есмаханға халық пікірі толастар емес, деп жазды Caravan.kz.

Бір-біріне деген сезімін халыққа жария еткен қос әнші Ерке мен Раймбек халықтың теріс пікіріне қалды. Тіпті, Ерке Есмахан инстаграм желісіне жазылған халықтың пікірін көтере алмаған сыңайлы. Соңғы постын өшіріп тастағанын байқауға болады. 

Сондай акааунтардың бірінде жарияланған халықтың кереғар пікірі толассыз. 

«Бір ананы жылатып отыр ғой дәл қазір. Қай ана жақсы көреді дейсің жап-жас үйленбеген баласын дардай баласы бар қатынға бергенді. Анасына обал Раймның. Басқасы қызық емес маған», деп жазды оқырмандардың бірі. 

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан мен Раймға қатысты ақпарат желіні шулатқаны жайлы жазған болатынбыз.