Ұйымдастырушыны Ялтадағы би кешінде украин әнін қойғаны үшін ботадай боздатып, кешірім сұратты

Қырымдағы Ялта жағалауына келген қонақтардың көңілін сергітпек болып ұйымдастырушы украинша ән қойған. Ән қойғаны сол,  би кешін ұйымдастырушының басы бәлеге қалды. Оны басқыншылар украин тіліндегі ән қойғаны үшін ботадай боздатып, көпшіліктен кешірім сұратқан. Бұл жайлы Ресейдің тәуелсіз «sotavisiontv» порталына сілтеме көрсете отырып «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

Камера алдында ботадай боздаған әйелдің:

«Мен Ресейдің мүдделесімін. Барлығыңызды жақсы көремін. Құдай үшін, мені кешіріңіздерші», —  деген дауысын естуге болады. Оның бар кінәсі — келген қонақтардың көңілін сергіту үшін украин әнін қойғандығы болып отыр.

Ұйымдастырушы өзінің қандай да бір алабөтен ойының болмағанын, бар болғаны қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлағысы келгенін айтып, ағынан жарылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ — Жаңалықтар (@adyrna.kz)

«Адырна» ұлттық порталы