Украина Түркияға сексен жеті құтқарушы мен дәрігер, іздеуші иттер, екі ұшақ, он алты техника аттандырыпты.

Байтал түгіл бас қайғы болып жатқан Украина Түркияға 87 құтқарушы мен дәрігер, іздеуші иттер, 2 ұшақ, 16 техника аттандырыпты.
Зеленский: «Украиналық құтқарушылардың тәжірбиесі мол. Біздің құтқарушылар апат болған аймақтарға барып, қолымыздан келген көмекті жасаймыз. Гуманитарлық көмек те ұсынуға әзірміз», — депті.
Зеленский  дұрыс айтады. Бір жыл соғыста көп қабатты үйлерді аршудан украиналық құтқарушылардың тәжірибесі өте мол. Біздің мемлекет 101 адам жіберді. Мыңнан аса адам жіберіп, неге тәжірибе толықтырмайды екен? Әрі адамдарды тез құтқаруға көмек, әрі ТЖМ-ға практика. Үйінділер астындағы адамдардың үсіп қалу қаупі сағат санап артуда.

Оңғар Қабден.

Фейсбук парақшасынан алынды