Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды

Венесуэлада Жоғарғы соттың шешімімен елдің вице-президенті Делси Родригес уақытша президент болып тағайындалды. Бұл шешім саяси дағдарысқа байланысты қабылданғандеп хабарлайды Altyn-orda.kz
Ресми мәліметке сәйкес, уақытша президенттің негізгі міндеті — мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын сақтау және елдегі жағдайды бақылауда ұстау. Оқиғаға халықаралық қауымдастық назар аударып отыр.










