Владимир Зеленский: Егер соғыс бітпесе, онда мен …

Егер соғыс бітпесе, Зеленский қайтадан президенттікке ұсынылады, — деп хабарлайды Arbat.media.  

 «2024 жылы соғыс жалғаса берсе, сайлау өтсе, мен өз мемлекетімді өмірімде ешқашан тастамаймын. Мен конституцияның кепілі болғандықтан, оны қорғаймын», — деді Украина президенті Португалияның RTP телеарнасына берген сұхбатында.

2019 жылы Украина президенттігіне үміткер болған Зеленский екінші мерзімге үміткер болмайтынына уәде берген еді.

Сонымен бірге Украина конституциясы елде әскери жағдай енгізілсе, сайлау өткізуге тыйым салады.

Қазіргі уақытта 2023 жылдың күзінде өтетін парламенттік сайлаудың да, 2024 жылғы президенттік сайлаудың да тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.